2104
"Ерен Еңбегі үшін" медалін алған Құралай ханым не үшін марапатталғанын түсіндірді
"Ерен Еңбегі үшін" медалін алған Құралай ханым не үшін марапатталғанын түсіндірді
Жақында бірқатар халық белсенділері президенттің арнайы "Ерен Еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
Бұл марапат азаматтарға экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктерін бағалау мақсатында беріледі. Биыл олардың қатарында елге Құралай ханым атымен танымал коуч Құралай Ошақбаева да бар. Алайда желі қолданушылары мен қоғам белсенділері әйелдерді шыдауға үйрететін, отбасылық зорлықпен күресудегі әрекеттердің мәнін кетіріп жүрген психолог марапатқа лайық емес деп санайды.
Ал Құралай Ошақбаеваның өзі наградасына қатысты марапаты өзінікі емес, халықтікі деп есептейді.
"Алдарыңызда «кессең міне басым» деп жүрген қыздарыңыз бүгін марапатқа ие болып жатыр. Марапат менікі емес, менің артымда тұрған қалың қол халықтыкі. Президенттің «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталып, төбем көкке екі-ақ елі жетпей тұр. Мақтау мақтауымен, марапат марапатымен, бірақ медальді алып тұрып өзіме артылған жауапкершіліктің тағы қанша есеге өскенін бірден түсінгендей болдым. Кешегі өткен Ләззаттар мен Сәбиралардың рухтарының алдындағы жауапкершілікті сезіндім. Біз көріп жатқан не мақтау болса да, солардың көз жасы мен қыршыннан қиылған өмірлерінің арқасында ғой", - деп жазды ол instagram парақшасында.