211
Оқу жылының II семестрі мен III тоқсан қайта жанданатын болды
Оқу жылының II семестрі мен III тоқсан қайта жанданатын болды
Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.
Санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы Денсаулық сақтау министрі А. Цой, дәрі-дәрмектерге баға саясатын мониторингтеу жұмысы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы С.Жұманғарин, карантин шараларының сақталуын бақылау туралы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев, өңірлердегі жағдай туралы Атырау облысының әкімі М.Досмұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақов, Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов баяндады.
Коронавирус инфекциясымен жаңадан сырқаттанғандардың тәуліктік өсімі 0,4%, репродуктивтік көрсеткіші 0,9. 5 өңір жоғары және орташа деңгейде. Атап айтсақ, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары.
Келесі жылғы қаңтар-ақпан айларында инфекциямен сырқаттану деңгейінің арту қаупі бар.
Осыған байланысты ВАК бірқатар шешім қабылдады:
- 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады.
- Эпидемиялық жағдай тұрақталғанға дейін «Теңіз» кен орнында шектеу шаралары күшейтіледі.
- Бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24%-ға төмендету бойынша шаралар қабылдау.
- оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12-сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын дәстүрлі форматта, 30%-ын қашықтан) қарастырылсын;
- оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылсын;
- II семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталсын.