Тұрсынбек Қабатов: Қазақстанда еңбек етемін деген адамға жұмыс бар (видео)

Тұрсынбек Қабатов: Қазақстанда еңбек етемін деген адамға жұмыс бар (видео)

Тұрсынбек Қабатов: Қазақстанда еңбек етемін деген адамға жұмыс бар (видео)
ашық дереккөзі
50348
Бүгін Ақтауда «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жасотандықтармен кездесіп, жастарға өнегелі әңгіме айтты. «Адам баласы өмірге келгеннен кейін тек тамақ ішу, киініп жүру керек деп ойлайды. Жастардың көпшілігі солай қателесіп жүр. Тек тамақ ішкеніне, киінгеніне мәз, мынадай бір кафеде отырса, ол үшін өмір сол. Сосын Instagram-ға салатын бір фотоға түсіп алса, бітті, кешке үйіне барып, бір жұмысты тындырып келгендей болады. Ал сіздер жастайыңыздан осындай үлкен іс-шараға араласып жүрсіздер. Бұл елдің болашағы үшін маңызды. Жаңа ғана Бауыржан Қыдырғалиұлымен сөйлесіп келе жатырмыз. Шынымен де ел ішінде татулық, бірлік болса, мемлекетіміздің ары қарай дамуына, өркендеуіне үлес қосамыз. Біз, қазақ өзі үй салсақ, білгіштер көп. Бірақ көмектеспейді. Үйіңді салып жатқан кезде ешкім келмейді. Біреуі бір шетін ұстап тұрмайды. Өзің салып, быт-шыт болып, айналасын қоршап, енді үйге қонаққа шақырсаң, ер азаматтар «Есікті мына жақтан шығару керек еді» дейді, енді біреуі «Төбесін шифрмен жабуың керек еді» дейді. Мін табады. Үй салған адамнан мін табатындар көп. Біздің елімізде де сондай. Елбасымыз Қазақстанның шекарасын шегелеп, керемет қылып салса да, осының ішінде де «Есікті бүйтіп шығару керек еді... Төбесін басқамен жабу керек еді...» деп айтатын неше түрлі білгіштер көп. Сол тоқсаныншы жылдары тәуелсіздік алған уақытта, шетінен ұстап, былай көмектесетін адамдар аз болды. Жоқ деуге де болады. Елдің болашағы, Қазақстан үшін Елбасы жалғыз өзі шырылдады. Қазір айналадағы мемлекеттерге қарасақ, біреуі елге, енді біреуі жерге бола соғысып жатыр. Біздің шекарамыз бекітілді. Мемлекетіміз дамып жатыр. Жұмыс істеймін деген адамға жұмыс бар. Жұмыс істемеймін деген адамның алдына беріп қойсаң да жұмыс істемейді. Сондықтан сіздердей жастарды көргенімізде, шыны керек, патриоттық сезім оянады. Биыл Еріктілер жылында Нұр-Сұлтанда қаншама жастарды көрдік. Көздерінде от жалындап тұр. Жұмыс істегісі келіп тұр. Осындай сіз секілді азаматтар көп болсын. Біз өз елімізде «Біз - мықтымыз», «Біз жұмыс істейміз» деген уақытта ғана дамимыз. Ал жаңағыдай «Ой, біз істей алмаймыз», «Біз бүйте алмаймыз» дей берсек, біз өспейміз, дамымаймыз. Былтыр Ақтауда Түркиядағыдай қонақүй салынды дегенде қуандық. «Ақтау теңіздің жағасында. Неге бұрыннан салмайды?» деп бұрыннан ойлайтын едім. Жалғыз тек мұнайлы өлке емес, туристер келетін орталық болса деймін. Бір кафе ашылса жиырма адам жұмысқа кіреді. Ал ірі демалыс орындары ашылса, бес жүздей адам жұмысқа орналасады. Елдің болашағына сенбейтін неше түрлі жастар бар ғой. Елдің болашағына сенбейтін бала өзіне де сенбейді. Не өзіне, не өзгеге сенбей, не істеп жүргенін білмейтін жастар көп. Ең бастысы жүрегіміз «Отан» деп тұруы керек. Сондықтан аман болайық, осындай қазақтың жастары көп болсын! Әр қазақтың жастары осылай киініп, «Мен – қазақпын» деп жүрсе ғой! Тек біреу «біздің жер» дегенде немесе туымызды ұятқа қалдырған кезде ғана шырылдамай, 24 сағат, 365 күн елім, жерім деп тұрсақ, біз сонда ғана дамимыз. Еліміз аман болсын!», – деді Тұрсынбек Қабатов кездесу барысында.

Серіктес жаңалықтары