373
Алматыдағы құс фабрикасында 41 мың тауық қырылып қалды (видео)
Алматыдағы құс фабрикасында 41 мың тауық қырылып қалды (видео)
Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Otan Green Food ЖШС құс фабрикасында ауа жетіспеуі салдарынан 41 мың тауық қырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыс әкімдігі фабрикадағы жабдық істен шығуы салдарынан тауықтардың қырылғанын мәлімдеді.
«Екінші бройлер цехының үшінші корпусында микроклиматты бақылайтын компьютер істен шыққан. Бұл ауа беру клапандарының жабылуына әкелген. Салдарынан бөлмедегі температура көтеріліп, оттегі азайған. Бұл деректі кәсіпорынның мал дәрігерлік қызметі растады», – делінген Ұйғыр ауданының әкімдігі таратқан хабарламада.
Сонымен қатар, әкімдік фабрикада құс тұмауын анықтау бойынша жұмыс жүргізілгенін, талдау теріс нәтиже көрсеткенін атап өтті.
Ескерту! Видео 18 жасқа толмағандарға және жүкті әйелдерге, жүрегі нашар адамдарға көруге болмайды!