419
Белгісіз солдаттың кім екені анықталды
Белгісіз солдаттың кім екені анықталды
2020 жылы 16 желтоқсанда Ресейдің «Таскенский вестник» газетінде «Любаньдағы федералды тасжолда жөндеу жұмысы кезінде Қызыл армияның заттары табылды» («Останки красноармейцев нашли поисковики на месте дорожных работ на федеральной трассе в Любани») деген тақырыпта мақала жарық көрген болатын. Мақала соңында «Жақын арада табылған медальонды экспертизаға жіберіп, белгісіз қаһарманның есімін білетін боламыз» деп жазған еді.
Қазір еліміздегі «Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігі Екінші дүниежүзілік соғысқа кетіп, не хабары, не қарақағазы келмей кеткен боздақтар жайлы ақтаңдақтарды ұрпақтармен қауыштыруда үлкен жұмыс атқарып келеді. Бұл жолы да бізге сүйінші хабар жеткізіп отыр.
16 желтоқсан күні Ресейдің Ленинград облысы Любань қаласындағы «TIGODA 47» жедел-іздестіру тобы 1944 жылы Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде қаза тапқан 15 қызыл армия жауынгерлерінің сүйектерін тапқан екен. Жеке заттарының арасынан жарылғыш снаряд, оқ-дәрі және көрсетілген мәліметтермен қатар медальон табылған. Бұл туралы «Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігінің баспасөз хатшысы Риза Ысқақ хабарлады.
Жедел-іздестіру тобы табылған заттардағы деректер арқылы архивтен олардың қай жауынгерлер екенін анықтаған.
«Біз Махатаевтың туыстарын және онымен бірге соғысқан болуы мүмкін сарбаздар туралы ақпаратты іздедестірудеміз», – дейді Константин Витальевич.
«Содан оны көрген біздің іздестіруші топтың белді мүшесі Күлән Тәңірбергенқызы іздеуге кіріскен. Сөйтіп, базаны ақтарып қараса, Константин мырза біздің «Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігіне өзі де өтініш жазған екен. Тәжірибелі Күлән ханым әлгі жауынгердің Ахан Махатаев (Ақан Мақатаев) Семей облысының тумасы екенін бірден анықтады», – дейді Риза Ысқақ.
Бұл хабарды естіген жауынгер Ақан Мақатаев ұрпақтарының қуанышында шек жоқ. Олар «Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігіне алғыстарын білдірді.
Бақытбек ҚАДЫР