406
«Қыз қуар» мен «Дәстүрлі тері шаңғы жасау өнері» Қытайдың ұлттық материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
«Қыз қуар» мен «Дәстүрлі тері шаңғы жасау өнері» Қытайдың ұлттық материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
Қытайдың Мәдениет және туризм министрлігі «5-топтағы ұлттық материалдық емес мәдени мұралар тізімін» жариялады, деп хабарлайды kazakh.altxw.com сайты.
«Мәдениет және туризм министрлігі Қытайдың барлық облыстарынан ұсынылған 943 жобаны саралап, солардың ішінен 198-ін ұлттық материалдық емес мәдени мұралар қатарына қосқан. Ал Алтай аймағынан қазақ халқының «Жылқы теріснен шаңғы жасау өнері» мен «Қыз қуар» ұлттық ойыны осы ұлттық деңгейдегі мұралар қатарына сәтті таңдалған. Бұған дейін Алтай аймағында «Қазақ дастаны», «Моңғолдың чуры», «Моңғолдың сыбызғысы», «Бәйге» (қазақ ұлты), «Қазақ медицинасы» секілді 5 мемлекеттік және 42 өлкелік материалдық емес мәдени мұралары болған. Ендігі жерде бұл мәдени мұралар мемлекет тарапынан ерекше қорғалып, дамытылып, жұртқа нәсихатталып отыратын болады», - деп жазады «Ағажай-Алтай» сайты.