216
Сарысуда жұмыссыздық мәселесі назарға алынады
Сарысуда жұмыссыздық мәселесі назарға алынады
Nur Otan партиясы өзінің сайлауалды науқанындағы басымдықтардың бірі ретінде сайлаушылармен «Есіктен есікке» акциясы шеңберінде тікелей диалог нысанында қарым-қатынасты нығайта түсті. Акцияда Жамбыл облыстық, Сарысу аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Досбол Жылқыбаев, Темірхан Оразбаев, Роза Қамбарбаева, Гүлзипа Сыздықова, Бауыржан Балғабай тек аудан тұрғындарымен кездесіп қана қоймай, партия бағдарламасы жазылған брошюралар таратты.
Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, кандидаттар Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ондағы негізгі басымдықтарды ерекше атап өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатын жалғастыратын, биліктің партиясы ретінде көшбасшылар арасындағы сабақтастықты орнататынын тілге тиек етіп, сайлауда Nur Otan партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Досбол Жылқыбаев және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Галина Мороз “Есіктен есікке» акциясы аясында қаланы аралап қана қоймай, жергілікті тұрғындармен жүзбе-жүз дидарласып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Көпбалалы аналармен кездесті
Облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер кезекті кездесуі көпбалалы аналар мен кәсіпкерлер болды. Үміткерлер Nur Otan партиясының алдағы бес жылға сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды. Көпбалалы аналарды толғандырған мәселенің бірі жұмыссыздық. Пандемия басталғалы балалары жұмыссыз отырғанын, осы мәселеге ерекше мән берілсе деген ұсыныстарын білдірді. Кездесуде аналар өздерін толғандырып жүрген өзге де мәселелерін ортаға тастады. Үміткерлер айтылған ұсыныс-пікірлерді атқарушы органдарға жолдайтынын жеткізді.Nur Otan партиясының Жамбыл облысы Сарысу ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.