Испан ғалымдары ауадан коронавирусты анықтайтын құрал ойлап тапты

Испан ғалымдары ауадан коронавирусты анықтайтын құрал ойлап тапты

Испан ғалымдары ауадан коронавирусты анықтайтын құрал ойлап тапты
ашық дереккөзі
225
Испаниядағы Валенсия политехникалық университетінің ғалымдары ауадағы SARS-CoV-2 вирусын тікелей анықтай алатын қондырғы ойлап тапты. Бұл туралы Валенсия университеттері қауымдастығының сайтына сілтеме жасап РИА Новости хабарлады. «Зерттеуді ПТР-тестcіз COVID-19 инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін ескерту және бақылау жүйесі ретінде пайдалануға болады», - дейді зерттеу авторларының бірі Серхи Мораис. Жүйеге қоршаған орта аэрозольдерінде вирустық ақуыздардың бар-жоғын бақылайтын өте сезімтал биосенсор кіретіні айтылған. Ғалымдардың сөзінше, олардың өнертабысы аурухананың ішінде инфекция жұқтыру ықтималдығын төмендету бойынша ұсыныстарды әзірлеуге көмектесе алады.

Серіктес жаңалықтары