50252
Мемлекет басшысы өлім жазасының күшін жою туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы өлім жазасының күшін жою туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда өлім жазасының күшін жоюға қатысты заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.
«Мемлекет басшысы «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламады.
Ақорданың мәлімдеуінше, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.