Профессор: Тарихқа табанды бет бұрдық

Профессор: Тарихқа табанды бет бұрдық

Профессор: Тарихқа табанды бет бұрдық
ашық дереккөзі
785
Алмасбек ӘБСАДЫҚ, Филология ғылымдарының докторы, профессор А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ-дың «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жетекшісі:  – Мемлекет басшысы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын оқығаннан кейінгі ойға оралған пікір мындай: Тарихи сана жаңғырды. Тарихи атауларымызға табанды бет бұрдық. Оңтүстік Қазақстан – Түркістан. Енді солтүстік, шығыс, батыс деген кеңестік заманда пайда болған, тарихи маңызынан гөрі географиялық мазмұнға ие болған атаулардан құтылар уақыт жетті. Президент сөзінен осыны ұғынып отырған жайымыз бар. Қазақ тілін білмейтіндерді, ұлтына қарамастан, басшылық қызметке алмау керек. Қазақ тілін амандасу мен қоштасуға ғана пайдаланып, тіл білетін басшы болып көрінетін алдамшылардан арылатын уақыт жетті. Қазақтың шұрайлы тіліне жетік басшылар басқаруға келуі тиіс. Тілдің дамуына, оның бәсекеге қабілетін арттыруға бұл да өз әсерін тигізер еді. Ұлттық мүддені аспен (дипломатия, зерде, білім, отансүйгіштік) жолмен қорғау амалдары нәсіп етсін! Таспен (қарумен) қорғау – соңғы, шарасыздықтан болатын амал болсын!

Серіктес жаңалықтары