Коронавируспен ауырғандарда қатерлі ісік пайда болуы мүмкін бе ‒ онкологтың жауабы

Коронавируспен ауырғандарда қатерлі ісік пайда болуы мүмкін бе ‒ онкологтың жауабы

Коронавируспен ауырғандарда қатерлі ісік пайда болуы мүмкін бе ‒ онкологтың жауабы
ашық дереккөзі
358
Онколог Михаил Мяснянкин COVID-19 індетімен ауырған науқастарда онкологиялық аурулардың даму мүмкіндігін бағалады. Бұл туралы "Пятый канал" хабарлады. Оның айтуынша, вирустардың канцерогенездегі рөлі, яғни қатерлі ісік тудыру мүмкіндігі бүгінгі күні дәлелденген және зерттелген. Десе де, әзірге коронавирус қатерлі ісік ауруын тудырады деп айту ертерек. "Бұл инфекцияның пациенттерге әсерінің салдары әлі толық зерттелмеген", — деп түсіндірді дәрігер. Мяснянкин осыған байланысты COVID-19 пациенттерін бақылауды жалғастыру, сонымен қатар коронавирустың рөлін және канцерогенезге әсерін анықтау бойынша зерттеулерді жоспарлау керегін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары