"Nur Otan": Маңғыстауда түйе сүтінен ұнтақ жасайтын кәсіпорын ашылады

"Nur Otan": Маңғыстауда түйе сүтінен ұнтақ жасайтын кәсіпорын ашылады

"Nur Otan": Маңғыстауда түйе сүтінен ұнтақ жасайтын кәсіпорын ашылады
ашық дереккөзі
268
Еліміз үшін маңызды науқан ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауының өтуіне санаулы күндер қалды. Үгіт-насихат жұмысының соңғы аптасында Маңғыстау ауданы бойынша көптеген іс-шара жүзеге асты. «Есіктен-есікке» акциясы мен канвассинг, экспромт-кездесулер ұйымдастырылды. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек. Аудандық мәслихат депутатына үміткер Римма Бердиева мен Сәуле Бусаханова "Жұлдыз" бизнес орталығында болды. Сауда нүктелеріне бас сұғып, орталыққа келген тұрғындарға, кәсіпкерлерге "Nur Otan" партиясының Маңғыстау ауданы бойынша бағдарламасын таныстырды. 2021-2025 жылдар аралығында ауданда 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орын ашатын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылатынын айтты. Тұщыбек, Ұштаған ауылдарында минерал суын шығаратын цех, «Жездыбассай» катод мысының кенорын өндірісі, түйе сүтінен ұнтақ жасайтын кәсіпорын, темір-бетон өндіретін зауыт салынатынын жеткізді.  width= «Nur Otan» партиясы аталмыш жоспарлы жұмыстардың жүзеге асуына ықпал етеді. Алдағы сайлауда партия жеңіске жетсе, бағдарлама мәслихатта бекітіліп, 2025 жылға дейін жоспар орындалуы қадағаланады. Ауданымыз жалпы ауыл шаруашылығын, туризм саласын, одан бөлек өндіріс саласын одан әрі дамытуға қолайлы. Бұл қатарда партия бұл салаларды басты назарға алып отыр. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы шаруа қожалықтарын жандандырып, мал басын көбейтуге мүдделі. Жылыжайлар көбейіп, көкөніс сақтайтын қойма салынады, - деді кандидаттар насихат барысында. Аудандық мәслихат депутатына кандидат Ерболат Ещанов, Лаура Тындырғанова, Рима Бердиева партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында "Есіктен-есікке" акциясын өткізді. Шетпелік шеберқол аналар Шархат Төлемісова, Күміс Қосбаеваның үйіне сәлем бере барды. Ісмер аналарды мерекемен құттықтап, күш-қуат тіледі. Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды, жоспарлы жұмыстарды сөз етті. Ұлттық қолөнерімізді дәріптеп жүрген алтын құрсақты ананың екеуі де балаларының тыныш елде, молшылықта өмір сүріп жатқанын Елбасы және сол кісінің төрағалығындағы «Nur Otan» партиясымен байланыстыратындарын жеткізді. Кәсіпкерлерге қандай қолдау жасалатынын сұрап білді.  width= Ауданның сайлауалды бағдарламасында шағын және орта бизнесті дамыту аудан экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде несие беру тетіктерін пайдалану арқылы жылына кемінде 15  жобаны субсидиялау және 20-дан астам жобаға өтеусіз негізде гранттар беріледі. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға және «Еңбек» бағдарламасы бойынша жылына кемінде 85 қатысушыға шағын кредит пен 125 мемлекеттік грант бөлінеді. Коммуналдық базар, сауда орталығы ашылады.  width= Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында аудандық мәслихат депутатына кандидат Сәндібек Дүйсенбеков канвассинг, Талғат Ерманов Жыңғылды ауылында "Есіктен есікке" акциясын өткізді.  

 «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

     

Серіктес жаңалықтары