Жақсылық Досқалиевтың ұлы ҚазҰМУ-ға қызметке келді

Жақсылық Досқалиевтың ұлы ҚазҰМУ-ға қызметке келді

Жақсылық Досқалиевтың ұлы ҚазҰМУ-ға қызметке келді
ашық дереккөзі
212
ҚазҰМУ ректоры қызметін атқарушы Н.К Хамзинаның ұсынысымен ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық жұмыстар бойынша проректор қызметіне 34 жастағы Айдос Досқалиев тағайындалды. Айдос Досқалиев Ақтөбе облысы Алға қаласында 1982 жылы дүниеге келген. 2005 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін тәмамдаған. 2006 жылы Қазақ Мемлекеттік медицина академиясының негізінде нейротравматология, балалар дәрігері мен нейроонкология мамандықтары бойынша интернатураны аяқтаған. 2006-2010 жылдары "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алды. 2006 - 2011 жылдар аралығында Жапониядағы университетте білім алған. 2011 жылдан бастап Астанадағы Ұлттық нейрохиругия орталығында нейрохирург қызметінде болды. Сонымен қатар, хабарламада С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің атқарушы проректоры қызметіне Қанатбек Мұқановтың тағайындалғаны айтылады. Ол осыған дейін 8 жыл бойы Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетте әлеуметтік мәселелер бойынша әкімшіліктің басшысы қызметін атқарған. Тәрбие ісі жөніндегі проректор қызметіне Рахима Жұмашева келсе, академиялық мәселелер жөніндегі проректор қызметіне Мақсұт Қамалиев тағайындалды. Сонымен қатар, университеттің клиникалық жоғары оқу орындарында да бірнеше тағайындау болды. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Профессорлық клиниканың директоры қызметіне Мұрат Қайдаров тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары