Nur Otan: Ауыл тұрғындарының көкейкесті мәселелерін қадағалайды

Nur Otan: Ауыл тұрғындарының көкейкесті мәселелерін қадағалайды

Nur Otan: Ауыл тұрғындарының көкейкесті мәселелерін қадағалайды
ашық дереккөзі
227

Бұл туралы Арман Қырықбаев Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Еліміздің батыс өңірлеріне жасаған сапарымыз бүгін Ақтөбе облысында жалғасын тапты. Бұл жақта да үгіт-насихат жұмыстарының жүру барысын пысықтап, партияластарымызбен жүздестік. Кездесу барысында жастармен, штаб мүшелерімен, партиялық бақылаушылармен әңгімелесіп, келе жатқан саяси науқан төңірегінде ой бөлістік. «Есіктен-есікке» акциясын атқарып, азаматтарды үйме-үй аралап жүрген жас белсенділердің айтуынша, шамамен тұрғындардың 80-85%-і Nur Otan-ның ел үшін атқарып жатқан игі бастамаларынан хабардар. Сонымен қатар, өңірдің мәдениет және өнер өкілдерімен кездесіп, олардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап бердік. Көтерілген барлық мәселе, аманаттар мен ұсыныстар ерекше партиялық бақылауға алынады. Жалпы, еліміздің батысында Nur Otan партиясына деген сенім зор», – деп жазды.

Серіктес жаңалықтары