Атырау тұрғындарының ұсыныс-тілегін тыңдады

Атырау тұрғындарының ұсыныс-тілегін тыңдады

Атырау тұрғындарының ұсыныс-тілегін тыңдады
ашық дереккөзі
252
«Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев  үгіт-насихат жұмыстары аясында Атырауға барып  белсенді жастармен, өңірдің мәдениет, өнер өкілдерімен, штаб қызметкерлерімен, партиялық бақылаушылар тобымен кездесті.  Кездесуге қатысушылар алдағы жоспарларды талқылап, тұрғындардың ұсыныс-тілегін тыңдады.
«Бүгін баһадүр батырлар мен дәулескер күйшілер, дауылпаз ақындар еліне, Атырау жеріне келдік. «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат жұмыстарының жүру барысымен танысып, алдағы жоспарларымызды жан-жақты талқыладық. Жасотандық белсенді жастармен, өңірдің мәдениет, өнер өкілдерімен, штаб қызметкерлерімен, партиялық бақылаушылар тобымен кездесулер өткіздік. Айта кетейін, бір аптада «Nur Otan» сайлауалды штабының мүшелері ел көлемінде 7 мыңнан астам кездесу өткізіп, 650 мыңнан астам сайлаушыны тікелей қамтыды. Осы уақытқа дейін штабтар жанындағы қоғамдық қабылдауларға тұрғындардан 2 мыңнан астам ұсыныс-тілек келіп түсті. Жалпы, үгіт-насихат науқаны қызып жатыр, алда атқарылатын жұмыс көп. Партияластарымыз жұдырықтай жұмылып, межелеген мақсатқа бірге жетеміз!», – деп жазды Арман Қырықбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.  

Серіктес жаңалықтары