294
Nur Otan апатты мектептер мәселесін шешеді
Nur Otan апатты мектептер мәселесін шешеді
Nur Otan партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Абдолла Ыдырысов Атырау сервис колледжінің және жақын маңдағы мектеп, балабақша мұғалімдерімен кездесті. Кездесу барысында партияның алдағы бес жылға арналған бағдарламасымен таныстырды.
Партияның басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Осыған байланысты білім беру мен жұмысқа орналасуға қатысты түрлі бағдарламалар қабылданды. Материалдық-техникалық базаны нығайту, жаңа мектептер мен балабақшалар, колледждер мен жоғары оқу орындарына жатақханалар салу.
— Біздің міндетіміз-мұғалім кәсібіне деген құрмет пен беделді одан әрі көтеру. Мұғалімдердің жалақысы 2 есеге артады. 2025 жылға қарай жаңа нысандар салу есебінен апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі шешілетін болады. Сондай-ақ, шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда мектептер жаңғыртылатын болады. Барлық ауыл мектептерінде жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеміз, – деді Абдолла Ыдырысов.
Nur Otan партиясының Атырау облысы Атырау қаласының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.