438
Киевте террорист Гитлер қолға түсті
Киевте террорист Гитлер қолға түсті
Елдің Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, қылмыскер нәсілдік және діни негіздер бойынша террористік актілерді жасауға арналған нұсқаулар мен шақырулардан тұратын материалдарды тарататын желі құрған. Олардың арасында 2019 жылы Жаңа Зеландиядағы мешіттерге шабуыл жасаған австралиялық террорист Брентон Тарранттың манифесті бар екені айтылады.
Тінту кезінде топ жетекшісінен орыс және украин тілдеріндегі экстремистік материалдар, сондай-ақ неонацистердің белгілері табылған.
Хабарламаға сәйкес, оның бірнеше сыбайласы жазда Украинада тұтқындалған болып, олардың жетекшісі Ресей азаматы екені анықталған. Украинаның қауіпсіздік қызметі неонацистер кейбір материалдарды көрші елден алып тұрған деп санайды.
Қылмыс әлемінде бүркеншік «Гитлер» атын жамылған қылмыскердің шын аты-жөні айтылмаған.
2019 жылдың наурызында австралиялық террорист Брентон Таррант Жаңа Зеландияның Кристчерч қаласындағы екі мешітке құралды шабуыл жасап, соның нәтижесінде 51 адам қаза тауып, тағы 40 адам жарақат алған еді. Ал 2020 жылдың 27 тамызында Жаңа Зелландия соты жазықсыз мұсылмандарды атқаны үшін оны өмір бойы бас бостандғынан айыру жазасына кескен.