253
Қазан айында Елбасы Иорданияға барады
Қазан айында Елбасы Иорданияға барады
Алдағы қазан айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иорданияға сапармен барады. Бұл туралы елордадағы Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания Үкіметаралық комиссияның төртінші отырысында мәлім болды.
«Мемлекет басшысының Иорданияға ресми сапары 2016 жылдың қазанына жоспарланып отыр»,-деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев.
Атап айтқанда, сапар барысында азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларды жою саласында және лаңкестікпен, ұйымдасқан қылмыспен, есірткінің заңсыз айналымымен күрес салаларында ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылуы көзделуде.