50227
Нұрлан Өтешев: Бақылаушылар тарапынан ұсақ заң бұзушылықтар байқалды
Нұрлан Өтешев: Бақылаушылар тарапынан ұсақ заң бұзушылықтар байқалды
Сайлау кезінде бақылаушылар тарапынан ұсақ заң бұзушылықтар байқалды. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев мәлімдеді.
«Мәселен, бақылаушы өзі бақылайтын сайлау учаскесіне жеке куәліксіз, қажет құжаттарсыз келді. Ал құжаты түгел бақылаушы өзі жіберілген сайлау учаскесіне емес, мүлдем басқа сайлау учаскесіндегі дауыс беруді бақылауға барған. Мұндай деректер де тіркеліп жатыр. Кәсіподақтар федерациясы сайлау нәтижесі бойынша өз есебін жасайды, онда осы фактілер де көрініс табады», – деді ол Партиялық емес бақылау орталығында өткен брифингте.
Сонымен қатар, ол сағат 12:00-ге дейін сайлаушылардың белсенділік танытқанын, дауыс беруге келушілер саны арта бастағанын айтты.