440
Электораттың 52,5% сайлау учаскесіне келді – Орталық сайлау комиссиясы
Электораттың 52,5% сайлау учаскесіне келді – Орталық сайлау комиссиясы
Электораттың 52,5% сайлау учаскесіне келді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады. Өңірлер арасында Жамбыл облысының сайлаушылары белсенді болып отыр. Аталған облыстағы дауыс беру құқы бар тұрғындардың 63,4 % сайлау учаскесіне келген.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда астана уақытымен сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетенін айлаушылардың 52,5% алды», – деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.Ақмола облысы бойынша – 56,9% Ақтөбе облысы бойынша – 45,6% Алматы облысы бойынша – 58,0% Атырау облысы бойынша – 45,6% Батыс Қазақстан облысы бойынша – 53,5% Жамбыл облысы бойынша – 63,4% Қарағанды облысы бойынша – 58,8% Қостанай облысы бойынша – 62,4% Қызылорда облысы бойынша – 60,9% Маңғыстау облысы бойынша – 43,3% Павлодар облысы бойынша – 57,8% Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 62,4% Түркістан облысы бойынша – 53,6% Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 62,0% Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 41,1% Алматы қаласы бойынша – 25,3% Шымкент қаласы бойынша – 49,2% сайлаушы дауыс берген.