Ләззат Өтешова: Түстен кейін сайлаушылар саны артты

Ләззат Өтешова: Түстен кейін сайлаушылар саны артты

Ләззат Өтешова: Түстен кейін сайлаушылар саны артты
ашық дереккөзі
50277
Түркістан қаласындағы М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектеп ғимаратында орналасқан №137 сайлау учаскесінің бақылаушысы Ләззат Өтешова учаскеге келіп жатқан сайлаушылар саны түстен кейін тіпті артқанын айтады. –Менің бақылауымдағы сайлау учаскесі таңғы сағат 06.00-де ашылды. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ісі бір күн бұрын аяқталғанын білесіздер, сол себепті жасырын дауыс беру кабинасында үгіттеуге бағытталған материалдар жоқ. Бақылаушы адамға сайлаушының дауыс бергенін көріп отыратындай жерден орын берілген. Учаскеде санитарлық талаптар сақталған. Жалпы, мен отырған учаскеге сайлаушылар көптеп келуде. Әсіресе, түстен кейін келушілер саны тіпті артты, себебі жұмыстан қайтқандар учаскеге енді келіп жатыр. Әр жерден келген бақылаушылар өз ісімізге жауапкершілікпен қарап, сайлаудың әділ өтуін бақылап отырмыз. Сайлау комиссиясы мүшелеріне сайлаушылардан шағым түскен жоқ.

Серіктес жаңалықтары