283
Заңсыз жиынға қатысқандардың ешқайсысы әкімшілік немесе қылмыстық қудалауға ұшыраған жоқ – Ішкі істер министрінің орынбасары
Заңсыз жиынға қатысқандардың ешқайсысы әкімшілік немесе қылмыстық қудалауға ұшыраған жоқ – Ішкі істер министрінің орынбасары
Заңсыз жиынға қатысқандардың ешқайсысы әкімшілік немесе қылмыстық қудалауға ұшыраған жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Запаров мәлімдеді.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі кезекті брифингте ол бүгін кейбір қалаларда заңсыз жиындар мен митингілер ұйымдастыру, соған қатысуға үгіттеу әрекеттері болғанын атап өтті.
«Бұл азаматтарға жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура қызметкерлері акцияның заңсыз екенін ескертіп, тоқтату қажеттігін түсіндірді. Мемлекеттік билік өкілдерінің заңды талабын орындаудан кей азаматтар бас тартты. Оларды қызметкерлеріміз полиция бекетіне жеткізуге мәжбүр болды. Олар профилактикалық әңгімелесуден кейін үйіне жіберілді. Ешқайсысы әкімшілік немесе қылмыстық қудалауға ұшыраған жоқ. Жалпы, елімізде қазіргі уақытта жағдай тұрақты», – деді А.Запаров.Ішкі істер министрінің орынбасары азаматтардың тыныштығын сақтау үшін қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғаса беретінін жеткізді.