«Қорғас» ХШЫО президенті екі айға қамалды

«Қорғас» ХШЫО президенті екі айға қамалды

«Қорғас» ХШЫО президенті екі айға қамалды
ашық дереккөзі
201
Алматыда «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының президенті Василий Ниді  екі айға тұтқынға алу санкцияланды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. Хабарламамаға сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жедел-тергеу тобының жетекшісі В.Ниді қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат сұрап, Алматы қаласы Медеу ауданы №2 аудандық сотына өтініш берді. «Қылмыстық тергеу органы 25.11.1968 ж.т. В.В.Ниді ҚР ҚК 366 бабы, 4 бөлімінде қарастырылған сыбайлас жемқорлықтың аса ауыр қылмысын жасауда күдікті деп санайды. «Қорғас» ХШЫО Президенті және мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға теңестірілген тұлға бола тұра,  бопсалау жолымен «Қорғас-Тюльпан» ЖШС-ға қатысты инвестициялық тендер нәтижелерін оң шешкені, атап айтқанда халықаралық  орталық аумағында 5-класты қонақүй кешенін салу жөнінде осы ЖШС-ны жеңімпаз деп  деп танығаны үшін оның өкілінен 1 млн. АҚШ доллары мөлшерінде пара алған», - делінген хабарламада. Сот шешімімен күдікті В.В.Ниді екі айға қамауға алу түріндегі шара санкцияланды.

Серіктес жаңалықтары