Елімізде алдағы аптада аяз күшейеді

Елімізде алдағы аптада аяз күшейеді

Елімізде алдағы аптада аяз күшейеді
ашық дереккөзі
229
Синоптиктердің болжамынша, кейбір өңірлерде аяз қайта күшейіп, қыс қаһарына мінуі мүмкін. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметі азаматтардың алыс жолға шықпауын сұрап, сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Оралда соңғы бірер күнде күн күрт жылынып, артынша көктайғаққа ұласты. Салдарынан тайып жығылып, жарақат алғандардың қатары көбейіп, кешелі-бүгін облыстық емханаға 70-ке тарта адам түскен. Солардың бірі – Амангелді Темірешов таңғы уақытта жұмысына асыққан сәтте абайсызда оңбай құлап, қолын сындырып алыпты.

«Мұз ғой жер енді. Ойламаған жерден құлап, содан есімді жиып, қолымның сынып қалғанын білдім. Емшіге барғам, емші дәрігерге бар деді. Содан дәрігерге келдім машина жалдап. Дәрігерлерге рахмет», – дейді Темірешов.

Осы орайда мамандар аса тығыз шаруа болмаса, тұрғындарға көшеге шықпауға кеңес беруде.

«Жарақат 1,5 есе көбейді. Оның ішінде көбісі егде жастағы адамдар. Егде жастағы адамдарда сүйектері әлсіз болғандықтан, көбінесе оларда қол-аяқтары, қабырғасы сынып, бізге келеді. Көбінесе кездескені, білезік, аяқ, тобық сүйектерінің көбінесе сынықтары», – дейді травматолог Ерғали Байкатов.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты БҚО-ның кей жерлерінде тұман, қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Ауа температурасының төмендеуі 15-20 градус аязға дейін барады және желдің екпіні 15-20 секунд, кей жерлерде 23 секундқа дейін болады», – дейді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Дана Әкімғожина.

Еліміздің шығыс аймақтарында болса, күннің жылынғаны айтарлықтай байқалмады. Өскеменде ескертуді ескірмеген көп адам жолда қалған көрінеді. Қарға батып қалған көліктерді шығарып алған құтқарушылар, себепсіз жолға шықпаңыздар, деп ескертіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары