50305
Қарабақ – Әзербайжанның жауһары
Қарабақ – Әзербайжанның жауһары
Бүгін Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі мемлекеттері Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Әзербайжан мемлекеті туралы бірнеше кітаптың тұсаукесері болып өтті.
Аталған жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Маммадов, Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаев, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Бірінші хатшысы Музаффар Усманов, Әзербайжан Милли Меджлисінің депутаты, Мәдениет комитетінің төрайымы Ганира Пашаева, Қырғыз Республикасының экс-мемлекеттік хатшысы Османакун Ибраимов, Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуб Омероглу, С.Сейфуллин атындағы музей директоры Несіпбек Айтұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.
Іс-шара барысында Түркі академиясы әзірлеген «Қарабақ – Әзербайжанның жауһары: тарихы, мәдениеті, табиғаты», «Жоғалтқан бақытым: Қарабақтың шынайы оқиғалары» және «Әзербайжан Халық Республикасы» атты кітаптардың таныстырылымы өтті.
Сонымен қатар, академия басшысы Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Маммадовты бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін Халықаралық Түркі академиясының арнайы медалімен марапаттады.