Бас дәрігер 23 миллион теңгені қалтаға басқан

Бас дәрігер 23 миллион теңгені қалтаға басқан

Бас дәрігер 23 миллион теңгені қалтаға басқан
ашық дереккөзі
262

Медицина мамандарының өз ісіне салғырттығы үшін сот алдына баруы қазір таңсық жағдай емес. Мұнысы аздай, ақ халатты абзал жандар енді мемлекет қаржысын тонауға көшіпті.  Ақмола облысында аурухананың бас дәрігері 23 миллион теңгені заңсыз иемденгені үшін жауапқа тартылмақ.

«Ақмола облысында аудандық емхананың  бас дәрігері мен бас есепшісі 23 миллион теңгені заңсыз иемденгені үшін айыпталуда, − делінген Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Егіндікөл аудандық соты емхананың бас дәрігері мен есепшісінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176 бабының 4 "б" бөлімі бойынша қызметін асыра пайдаланып, ірі көлемде бөтеннің мүлкін иемденді үшін қылмыстық іс қозғады.

Дереккөзден алынған ақпаратқа сүйенсек, айыпталушылар алдын-ала келісім бойынша жоспар құрып, бюджет қаражатын келісімді түрде басқа есепшотқа аударып отырған. Түскен қаржыны олар өзара бөліскен. Алдын-ала есептеу бойынша, жалпы материалдық шығын –23 миллион 257 003 теңге.

Серіктес жаңалықтары