Олимпиада жүлдегерлерінің сыйақысын теңгемен берсе болмай ма?

Олимпиада жүлдегерлерінің сыйақысын теңгемен берсе болмай ма?

Олимпиада жүлдегерлерінің сыйақысын теңгемен берсе болмай ма?
ашық дереккөзі
290
«Теңге бағамының еркін «жүзу» жағдайында айырбас бағанымының күшеюі де әлсіреуі де болып тұрады. Бұл негізінен сыртқы факторларға байланысты. Дегенмен, долларсыздандыруға қатысты шаралар жүйелі жүргізілуде. Теңгелік депозиттер халық үшін басқа шетелдік валютаға қарағанда жеті есеге дейін тиімді», деді Бас банкир. Оның айтуынша, жыл басынан бері елімізде долларсыздандыру үдерісі анық байқалып отыр. Мәселен, теңге бойынша депозиттер елу пайызға дейін артса, керісінше шетелдік валютадағы депозиттер төрт пайызға кеміген. «Солай бола тұра, қоғам мен бизнестің теңге бағамының еркін айналымына бейімделуіне де біраз уақыт керек. Активтердің долларлануы ғана емес, сананың долларлануынан құтылу да оңай емес. Теңгемен бағамдау, ұлттық валютамен өлшеуге келгенде қиналып жататындар бар. Бұл ретте Ұлттық банк активтерді долларсыздандыруға қатысты жүйелі шараларды атқарып келеді», – деді Д. Ақышев. Мәселен, сананы долларсыздандыру бойынша интернет сайттарда көліктер бағасын, жылжымайтын және басқа да мүліктерді теңгеден басқа кез келген валютада көрсетуге тыйым салынған. «Тауарлар мен қызметтердің бағасын көрсетуде, жарнамалауда теңгені ғана көрсету, басқа шетелдік валюталарды көрсетуге тыйым салу  шараларын заңнамалық ынталандыру жұмыстарын жалғастырамыз. Әрине, ұлттық валютамен өлшеуге келмейтін жағдайларды айтып отырғанымыз жоқ. Бұл ретте сананы долларсыздандыруға қатысты айта кетейін, Олимпиада чемпиондарына сыйақыны көрсеткенде оларға берілетін соманың мөлшерін шетелдік валютада емес, теңгемен айтуға да болатын еді», - деді ҰБ басшысы.

Серіктес жаңалықтары