390
Павел Астахов қызметінен босатылды
Павел Астахов қызметінен босатылды
Ресей президенті Владимир Путин балалар құқығы жөніндегі уәкіл Павел Астаховты қызметтен босату туралы үкімге қол қойды.
Астахов отставкаға өз еркімен кетті. Ол бұл орынды демалыстан шыққан соң босатты.
Бұған дейін бірқатар БАҚ балалар омбудсменінің отставкасы туралы хабарлаған еді. Белгілі болғандай, Астаховтың орнына Жалпыресейлік халық майданының пензалық атқарушы комитетінің басшысы және президент грантының операторы Анна Кузнецова келді.
Астахов балалар құқығы жөніндегі уәкіл қызметін 2009 жылдан бері атқарып келді. Ол 2011 жылы ресейлік балаларды шетел азаматтарының асырап алуына тыйым салатын заңның идеологтарының бірі ретінде танылды. Маусым айының соңында интернетте уәкілдің отставкасын талап еткен петиция пайда болды. Бұған Карелияға қарасты Сямозеродағы қайғылы оқиғадан аман қалған балаларға Астаховтың: "Ал, қалай жүзіп шықтыңдар?" деген орынсыз сауалы түрткі болды. Омбудсменнің бұл сөздері қоғамда қатаң сынға ұшыраған еді.