399
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа енді.
«Қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қостанай облыстары енгізілді.
«Сары» аймақта Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары тұр.
Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.
Кеше Елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы шыққан болатын. Оған сәйкес, қалада карантин талаптары қайта күшейтілді. Демалыс күндері ойын-сауық мекемелері жұмысын тоқтатады. Сондай-ақ сенбі-жексенбіде қоғамдық көлік қатынамайды.