50439
Қытайда балмұздақтан коронавирус анықталды
Қытайда балмұздақтан коронавирус анықталды
Қытайдың Тяньцзинь қаласында Tianjin Daqiaodao Food компаниясы өндіретін балмұздақтан коронавирус табылды, деп хабарлайды Sky News.
Агенттіктің хабарлауынша, балмұздақты әзірлеу барысында Жаңа Зеландиядан жеткізілген құрғақ сүт пен Украинадан әкелінген сарысу қолданылған.
Қазіргі таңда балмұздақты сатылымнан алып тастаған санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары өнімді тұтынған болуы мүмкін адамдарды іздестіріп жатыр.
Алайда, Ұлыбританиядағы Лидс университетінің докторы, вирусолог Стивен Гриффин инфекция балмұздақтан табылды деп байбалам салудың қажеті жоқ екенін, вирустың COVID-19 жұқтырған адам арқылы таралуы мүмкін екенін айтады.