499
Ғабит Мүсіреп «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды
Ғабит Мүсіреп «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды
Белгілі публицист, қаламгер Ғабит Мүсіреп қазақ баспасөзінің қарашаңырағы, еліміздің бас басылымы – «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.
Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп – Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Ол бұған дейін «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газетінде тілші, аға тілші, шолушы, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, «Нұр Астана» республикалық жастар апталығының бас редакторы болған. «Рухыңды түсірме, ұлым» (2010 жыл) атты публицистикалық шығармалар жинағы жарық көрген. Журналистика саласындағы жемісті еңбегі үшін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына ие болды.