299
ІІМ көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы хабарлады
ІІМ көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы хабарлады
ІІМ еліміздегі көші-қон ахуалын мониторингілеуді тұрақты түрде жүзеге асырады. Осы саладағы негізгі міндет – шетелдіктердің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын және олардың рұқсат етілген болу мерзімі аяқталуы бойынша шығуын бақылау.
Сонымен қатар короновирус инфекциясының пандемиясы Қазақстанға келетін шетелдіктердің өмірі мен жоспарына түзету енгізді. Тікелей көлік қатынасының болмауы транзиттік жол жүру үшін шекараларды жабу, авиабилеттер құнының өсу фактілері заңды сыйлайтын көптеген шетелдіктердің Қазақстаннан белгіленген мерзімде шығуына мүмкіндік бермейді.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында короновирустық инфекцияның пайда болуы мен таралауына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешім қабылдады, ол елімізде уақытша болатын шетелдіктердің мәртебесін заңдастыруға және Қазақстанда заңнаманы бұзуға жол бермеуге мүмкіндік береді.
Негізгі акцент отбасымен қосылуға келген шетелдіктерге, құжаттарының жарамдылық мерзімі өткен азаматтарға, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерге жасалған.
Заңнамаға енгізілген өзгерістер төменде көрсетілген санаттардағы шетелдік азаматтарға таралады:
– Жол жүру құжаттарының, шетелдіктің елде тұру ықтиярхатының, Қазақстан Республикасының визаларының, елде уақытша болуға рұқсат етілген мерзімі өтіп кеткен немесе мерзімі 2021 жылғы 5 маусымға дейін аяқталатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауапкершілікке тартпай елден шығуына рұқсат берілді;
– Шетелдіктердің азаматтығы бар елімен немесе тұрақты тұратын елмен тікелей көліктік қатынастар (авиа, авто және темір жол қатынастары, сондай-ақ жаяу) және транзиттік жол жүру болмаған жағдайда шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың елден шығару туралы сот шешімінің мерзімін өздігінен орындауы тоқтатылды.
– Шетелдіктердің елде болу мерзімі 2021 жылғы 5 маусымға дейін ұзартылады (визалар, уақытша тұруға рұқсаттар):
– Еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаты немесе өздігінен жұмысқа тұруға арналған тиісті біліктілігі туралы жергілікті атқарушы орган берген анықтамасы барларға виза, уақытша тұруға рұқсат шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның елге келу мақсатының талаптарын ескерусіз беріледі;
– Қазақстан Республикасының аумағында отбасымен қосылу мақсатымен жүрген және құжаттарды азаматтығының елінен ұсына алмайтындарға виза шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның елге келу мақсатының талаптарын ескерусіз беріледі;
– Рұқсатты беру, ұзарту, қайта ресімдеу туралы өтінішпен жүгінген еңбекші иммигрантқа “Көші-қон туралы” ҚР Заңының 43-1-бабының 2-тармағының талаптарын ескерусіз ресімделеді (Еңбек иммигрантының Қазақстан Республикасында үздіксіз уақытша тұруының максималды мерзімі он екі айдан аспауы тиіс).
Бұл ретте рұқсат құжаттарының мерзімі өткен немесе өтіп бара жатқан Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтарға құзыретті органдардағы өз құқықтық мәртебесін уақтылы реттестіру үшін (көші-қон қызметінде есепке тұру, еңбек патентін алу, уақытша тұруға рұқсат және т.б.) көші-қон қызметіне жүгінулері қажет.
2021 жылғы 1 қаңтардан 5 маусымға дейінгі кезеңде құқықтық мәртебелерін заң жүзінде реттемеген шетелдіктердің құқықтық жауапкершіліктен босатылмайтындығын ескертеміз.