Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты
ашық дереккөзі
349
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры, отандасымыз Гүлнәр Кендірбайдың «Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century» («16 ғасырдан 19 ғасырға дейінгі Еуразияда үстемдік жүргізудің ресейлік тәжірибесі: шекара билігінің динамикасы») атты кітабы жарық көрді. Осыған орай, «Отандастар қоры», Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Колумбия университеті Гарриман институтының қолдауымен тарихшы Гүлнәр Кендірбайдың Ұлы дала тарихына арналған кітабының  тұсаукесері болды. Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер, Білім және ғылым министрліктерінің және «Отандастар қоры», Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының өкілдері қатысты. Профессоры Гүлнәр Кендірбайдың ғылыми ізденістері – мәдени антропология, көшпенділер, Ислам мәселелері және Кеңес Одағы мен Орталық Азияның әлеуметтік-саяси тарихына байланысты. Ол 1979 жылы Ресейдегі М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетін үздік бітірген соң Венгрия мен Германияда білімін жетілдірген. Кейін осы екі университеттің фольклор факультетінде философия докторы атағы бойынша екі диссертация қорғаған. Алқалы жиынға Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресі төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған модераторлық жасады. Елімізге белгілі тарихшылармен қатар шетелдерде тұратын ғалымдар да қатысты. Атап айтқанда Түркиядағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдуақап Қара және Моңғолия Ғылым Академиясы Халықаралық қатынастар институтының ғылыми кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Кұрметхан Мұхамедиұлы қатарлы ғалымдар жеке-жеке сөз алып, ғалымның еңбегіне жоғары баға берді. – Монографияның құндылығын арттыратын өзге факторлар да жетіп артылады. Мәселен, аталмыш туындысын жазу үшін, профессор Гүлнар Кендірбай 1 033 ғылыми дерек көзін терең зерттеп-зерделеген. Сосын дереккөздерінің басым көпшілігі шет тілдерінде жарық көрген, сондықтан да оларға кез келген қазақтілді тарихшының тісі бата бермейді. Бірақ ең бастысы, олардың бәрі де қазақ тарихы үшін ауадай қажет объктивті шындыққа негізделген туындылар, – дейді Филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов. Сондай-ақ, «Отандастар қоры» КеАҚ президентінің қеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, дипломат Қалыбек Қобландин: «Дәл қазір көрші елдегі кейбір сауатсыз саясаткерлердің жеріміз жайлы еш негіз жоқ сөздер айтып жатқан уақытта шыққан бұл еңбек – әлем алдында қазақ елінің тарихи ареалының ауқымды екенін көрсете алуымен де құнды», – деді.
 width=  width=

Серіктес жаңалықтары