COVID-19: ДДСҰ өлімнің рекордтық көрсеткішін тіркеді

COVID-19: ДДСҰ өлімнің рекордтық көрсеткішін тіркеді

COVID-19: ДДСҰ өлімнің рекордтық көрсеткішін тіркеді
ашық дереккөзі
167
Өткен аптада әлемде коронавирустан көз жұмғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді. Жеті күн ішінде індеттен 93 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ). 17 қаңтардағы жағдай бойынша әлемде 93 миллионнан астам covid-19 жағдайы анықталды. Өткен аптада инфекция жұқтырғандар саны 4,7 миллионға өсті. Инфекциядан қайтыс болғандардың саны екі миллионнан асты. Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, індет жұқтыру жағдайларының ең көп саны — 24,4 миллион — АҚШ-та анықталды. Екінші орында —Үндістан, онда 10,5 миллион адам індетке шалдыққан. Ал үшінші орындағы Бразилияда 8,5 миллионнан астам адам коронавирус анықталды. Еске сала кетсек, өткен тәулікте Қазақстанда 1134 адамнан коронавирус анықталды. Пандемия басталғалы республика бойынша 171 мыңнан астам адам індет жұқтырды.

Серіктес жаңалықтары