Коронавирустан жазылғандарды оңалтуға бөлінетін қаржы 9 есе өсті

Коронавирустан жазылғандарды оңалтуға бөлінетін қаржы 9 есе өсті

Коронавирустан жазылғандарды оңалтуға бөлінетін қаржы 9 есе өсті
ашық дереккөзі
291
Коронавирус пандемиясы оңалтудың қаншалықты маңызды екенін және бұл бастама уақтылы жүзеге асырылғанын көрсетті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халық үшін оңалтудың қолжетімділігін арттыру үшін белсенді жұмыс істеуде. 2019 жылы бұл қызметті 64 медициналық ұйым көрсетсе, 2020 жылы аталған көрсеткіш 559-ға жетті. Коронавирус пандемиясы оңалтудың қаншалықты маңызды екенін және бұл бастама уақтылы жүзеге асырылғанын көрсетті. Қазір бұл орталықтар мен бөлімшелерде коронавирус инфекциясынан кейін асқынуы бар науқастар қалпына келу үшін ем алып жатыр», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежанов. Оның айтуынша, өткен жылы медициналық ұйымдар 31 млрд теңгеден астам сомаға оңалту қызметтерін көрсетті, оның ішінде 132 мыңы – стационарлық жағдайда оңалту. «Оның ең көбі өткен жылдың соңғы тоқсанында көрсетілді. Бұған Covid-19 және коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды оңалту кіреді. 2021 жылы оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 9 есе артып, 55,8 млрд теңгеге жетті», – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары