Дағдарыс елесі: 2021 жылға экономикалық болжам

Дағдарыс елесі: 2021 жылға экономикалық болжам

Дағдарыс елесі: 2021 жылға экономикалық болжам
ашық дереккөзі
1519
Өткен жыл адамзатқа оңайға соқ­­пады. Коронавирус пен ал­қым­­нан алған дағдарыс әлем­нің ал­дыңғы қатарлы дамыған мемле­кет­терінің де шаруасын шатқаяқтатты. Пан­демия ке­сірінен елдер шекарасын қым­тап, көрші мем­лекеттермен барыс-ке­ліс­ті шектеді. Ко­ронавирус әлемдік рецессияның бас­талуына себеп болды, сөз­дік қорымызға коронадағдарыс тер­мині енді. Ұзаққа со­зылған экономи­ка­лық дағдарысқа алып келген корона­вирус әлемдегі еңбекке жа­рам­ды халық­тың жартысына жуығының та­бысын азайт­ты. Сарапшылар жаһан эко­номи­касы соңғы жүз жыл ішінде бол­маған дең­гейге түсетінін айтты. Осы орай­да Túrkistan халықаралық газеті отандық сарапшы мамандарға хабарласып, 2021 жылы Қазақстанның экономикасы қан­дай болмақ деген сауалға жауап іздеген еді.  width= Мақсат ХАЛЫҚ, GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист: Биыл дағдарысты жылдамырақ еңсереміз – Өткен жылы Қазақстан эко­но­микасына екі үлкен соққы жа­сал­ды. Біріншісі  – бүкіл әлемге, оның ішін­де елімізде коронавирустың та­ралуы, екіншісі – мұнай баға­сы­ның күрт төмендеуі. Жағдайды тұ­рақ­тандыру мақсатында біздің Үкі­мет дағдарысқа қарсы бағдар­ла­ма қабылдап, қателеспесем оған 6,9 трлн теңге бөлді. Ұлттық қордан 2 трлн теңге мақсатты жыл сайынғы ау­дарым трансферт ретінде ауда­рыл­ған болса, қосымша тағы 2,7 трлн теңге аудардық. Сонда бір жыл­дың ішінде біз Ұлттық қордан 4,7 трлн теңге аударым жасадық. 2021 жылы бюджетке тағы 3,7 трлн теңге аударамыз деп бекітіп отыр, демек 2 жылдың ішінде Ұл­т­тық қордан қаншама қаражат алын­ды. Дәл осы қалпында жалғаса берсе, Ұлттық қорымыздың да ер­тең түбі көрінеді. Алайда Ұлттық қор­дың аударымдары болмаса және Үкімет тарапынан дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданбаса, біздің экономикамыз тым қатты құлдырап, коронавирустың салдары ұзаққа созылып, халқымыздың әлеу­меттік жағдайы нашарлап, жұ­мыссыздық өршіп, кедейшілік ша­рықтау шегіне жететін еді. Сон­дық­тан мемлекет тарапынан дағда­рыс­қа қарсы қабылданған бағдарлама сәл де болса бұл процесті тежеді деп ай­туға негіз бар. Бірақ бәрібір бізде жұмыссыздық өршіп тұр, кедейші­лік кең жайыла бастады. 2021 жылға жасайтын эконо­ми­ка­лық болжамымыз  бірнеше фак­тор­ға байланысты болмақ. Қазақ­стан экономикасына, әрине, бірін­ші­ден мұнай бағасы әсер етеді. Осы жыл мұнай бағасының өсуімен бас­талды, оған себеп болған ОПЕК+ ая­сындағы өзара келісімнің өз же­мі­сін беруі, яғни Ресей мен Қазақ­стан­ға мұнай өндіру көлемін арт­тыру бойынша арнайы рұқсат бе­ріл­ді. Бұл белгілі бір дәрежеде эко­но­микамызға оңтайлы әсерін тигізеді. Алдағы уақытта мұнай бағасы 60 доллардан асса, бұл біздің экономикамыз үшін жақсы болмақ. Онда осы жылы біз дағдарысты жылдамырақ еңсереміз. Эко­но­ми­калық циклдың жандану немесе қал­пына келу фазасына өту процесі те­зірек болады. Ал бірақ мұнай ба­ға­сы төмендеп кетсе, жағдайымыз мәз болмайды. АҚШ президенті сайлауалды бағ­дарламасында мұнай мен газ өн­дірісін шектеуге уәде берді және жа­сыл экономикаға көшуге бағдар ұстай­мыз деді. Баламалы энергия кө­зін дамытамыз, бензинсіз жүре­тін көліктерді көбейтеміз деген мә­селелерді алға қойып отыр. Бұл ба­ғытта 2 трлн доллардан астам қа­ра­жат инвестиция ретінде тарты­ла­ды. Егер Джо Байден атаған жо­балар іске асырылса, бұл мұнай ба­ға­сының қайтадан  құлдырауына алып келеді. Ал мұнай бағасының төмендеуі біздің экономикамызға оң әсер етеді дей алмаймыз. Биыл азық-түліктің бағасы әлі өсуі мүмкін. Оның бағасының кө­те­рілуіне әсер етіп отырған – пан­демия жағдайы. Карантин режи­мін­де азық-түлікке сұраныс артып, адам­дар көптеп алып қоюға тырыс­ты да, өзіміз бағасын қолдан қым­бат­татып алдық. Бағаның өсуіне әсе­рін тигізіп тұрған екінші фактор – Ұлттық банктің ақша массасын ұлғайтуы. Оның себебі – бюджет тапшылығы. Бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан аударған ақшаның өзі жетпейді, сондықтан да ақшаны басып шығарып отырған жағдайы бар. Өткен жылдың басын­да-ақ ақша массасы 21 трлн теңге­ден асты, ал қазіргі уақытта 24 трлн тең­генің үстінде болып тұр. Демек ақша массасы ұлғайып келе жатыр. Бұл белгілі дәрежеде ақшаның құн­сыздануына өзінің кері әсерін ти­гізеді. Одан кейін мемлекеттік бюд­­жеттің де әлеуметтік шығын­дары басым болып тұр. Соңғы 2 жыл­дықта әлеуметтік шығындар мемлекеттік бюджет шығындары­ның  50 пайызынан астамын құрайтынын айқын көріп тұрмыз. Бұл мемлекеттің кейінгі жылдары әлеуметтік салаға көңіл бөле бас­та­ғанын көрсетеді. Мұғалім­дердің жа­лақысын биылдан бастап 25 пайыз­ға арттырды және оны 3 жыл­дық бюджетке енгізді, яғни олардың жалақысы енді әр жыл сайын 25 пайыз өсіп отырады. Дәрігерлердің жалақысын 30 пайызға көбейтеміз деді. Тура сол сияқты зейнетақы мен шәкіртақы көлемін ұлғайтамыз деп отыр. Бұл белгілі дәрежеде Үкіметке үлкен салмақ болғанымен, уақыт­тың талабы сондай болып тұр. Оны өсірмесек болмайды. Қазақстан кешегі аптадағы халықаралық зерт­теуде ең төменгі жалақы мөл­шері аз елдер қатарынан табыл­ды. Анти­рей­тингте Қазақстан 88 доллармен (36 872 теңге) үшінші орында тұр. Бұл енді сұмдық жағдай. Өткен жылы да, биыл да ең төменгі жала­қы мөлшері 42 500 теңгені өсірмеге­ні мені таңғалдырды. АЕК-тің бар­лығы қайтадан есептелінді, бірақ ең төменгі жалақы есептелген жоқ. Бірақ бұл мәселе алдағы уақытта ше­шіледі деп ойлаймын. Тағы бір мәселе Ресейге қатысты. Алексей Навальныйдың төңірегінде дау-дамай өршіп тұр. Оған қатысты Еуропалық Одақ та, Америка да өзі­нің көзқарасын қатты ұстап отыр. Алдағы уақытта Ресейге санкция­лар­дың қысымы артуы мүмкін деген болжам бар. Ал ол рубльді әлсіретеді, рубль әлсірейтін болса, теңгеміз де әлсірейді. Біз рубльге қатысты теңгемізді күшейтпеуіміз керек. Өйткені рубльге қатысты теңгеміз күшейетін болса, біздің эко­номикадағы капитал ағыны Ре­сейге қарай кетеді. Тіпті 2014 жыл­дардағы жағдай қайталануы мүм­кін. Сол жылдары теңгеміз рубльге қатысты 2,5 теңгеге дейін күшейген болатын. Сонда МГУ-де оқу құны КазГУ-де оқығанмен бірдей болып қалды. Көп азамат баласын Ресейде оқытты, кейбірі сол жақтан көлік сатып алып келіп жатты. Сондықтан біз Ресейдің рубліне қатысты тең­гені күшейте алмаймыз, осы жағы­нан келгенде теңдестірілу саясаты ұсталынады. Өйткені рубль құнсыз­данса, біз де біраз дәрежеде теңгені құнсыздандырамыз, бізге теңгені  күшейтпегеніміз дұрыс. Өйткені тең­геміз күшті болып кетсе, онда біз­дің тауарларымыз Ресейдің тауар­­ларының қасында бәсекеге қа­­білеттілігін жойып алады.  width= Рашид ЖАҚСЫЛЫҚОВ, Мұнай-сервис компаниялары одағының төралқа төрағасы, экономист: Биыл экономикалық көрсеткіш 2019 жылдан төмен болады – Осы жыл дүние жүзі бойынша сая­си жағдайлармен және карантин шараларымен басталып жатыр. Әлем­дегі саяси әл-ахуал өте төмен, Аме­рикадағы сайлау соңының қақ­ты­ғыстарға ұласуы, Ресейде А.Нава­ль­ныйдың ұсталуы сынды саяси шие­леністердің немен аяқталатыны бел­гісіз. Англия сынды экономикасы мық­ты бірталай мемлекет шекара­ла­рын жауып жатыр. Тіпті жарты жыл­дан кейін немесе жыл соңында ше­каралар ашылып, дүниежүзілік эко­номика аяққа тұрып кеткеннің өзін­­де де біздің экономикалық көр­сет­кіш 2019 жылдан төмен бола­ты­ны айдан анық. Қазіргі таңда бола­шақ­та нарықтың жағдайы қалай бола­ды деген сауалға бірде-бір са­рап­­шы толыққанды «жартыжыл­дық­­та осындай болады», «жыл соңын­­да мынадай болады» деп айта ал­­майды. Қазір біздің нақты қорғайтын не­месе бақылайтын саламыз – мұ­най-газ өндірісі. Біздің мемлекеттің бюд­жеті және Ұлттық қордағы қар­жының 45 пайызы мұнай-газ өн­дірі­сі арқылы келіп отыр. Қазір мұ­найға сұраныс әлі 2019 жылдағы көрсеткішке жете қойған жоқ. Сұраныс пен ұсыныстың арасында келіс­пеушілік бар. Өйткені Джо Бай­ден мұнай-газ өндірісіне инвес­ти­ция құюға шектеу қоямын деді. Американы мұнай экспортшысы қы­лып отырған сланстық мұнай ғой, соны тоқтатамын деді. Олай бо­ла­тын болса, әрине жағдай жақсы бо­лар еді. Бірақ қазіргі таңда ол әлі то­лыққанды өзінің жұмысына кіріс­педі. Мұнай тұрғысынан біз Ре­сеймен өте тығыз байланыстамыз. Мұ­найымыз Ресейдің екі құбыры ар­қылы кетіп жатыр.  Олардың жағ­дайы қандай болмақ? Сондықтан қа­зір нақты біздің көрсеткіш кере­мет болады деу өте қиын. Біздің мемлекет карантин ке­зінде технологияны қаншалықты да­мытып үлгерді, білім, ғылым са­ласы қаншалықты өздерінің жұ­мы­сын карантиндік кезеңге икем­де­гені, бәрі-бәрі 2021 жылы ашылады. Мемлекетіміз толыққанды гео­саяси және экономикалық жа­ғы­нан өз­геріс әкеле алатын мемлекет емес. Көбіне сыртқы саясатқа, көр­ші елдердің экономиканың өсуіне тәуел­ді болғандықтан, бізге тек қа­на күтуден басқа амал жоқ. Экономикаға өзгеріс әкелу үшін кә­­дімгідей жоспарланған мемлекет­тік бағдарлама қабылдануы керек. Ал оған үлкен қаражат қажет. Қа­зір­гі таңда инвесторлар да өте сақ отыр. Ең бірінші ойға келетіні, бірін­ші бағытта қорғайтын біздің мем­лекеттің инвестициялық әл-ахуа­лы. Ауыл шаруашылығын, мұ­най-газ өндірісі, ауыр өнеркәсіп, те­мір өндіру өнеркәсіптерінде, кө­мір өндіруге инвесторлар қан­ша­лықты керек? Мысалы, қандай да бол­сын экономика «якорлық» ин­вес­т­орға тәуелді. Біздің мұнай-газ саласында да жаңа жобалар ашы­лып жатқан жоқ, Қашаған мен Қара­шығанақтағы өндірісті ұлғай­ту­дағы жобалар әлі де жалғасын тап­пай отыр. Жыл басын жұмыс­шы­ларды қысқартудан бастадық. Осы қаңтар айының өзінде мұнай-газ саласының қызмет көрсету сек­торында 20 мыңға жуық адам жұ­мыссыз қалды. Мұнай-газ саласына да биылғы жыл оңай болмайын деп тұр. «Үмітсіз шайтан» деген, былтыр­ғыға қарағанда жақсы болады-ау деп қамданбай, құр айтатын болсақ, онда ешқандай әсер  болмайды. Карантин біздің мемлекеттің әлсіз тұстарын өте айқын, ашып көрсетіп берді. Алдағы уақытта сол қателік­тер­ден сабақ алып, кемшіліктерді тү­зету керек. Қарапайым байланыс құ­ралынан бастап үлкен-үлкен дең­гейдегі жобалармен айналысу керек. Сондықтан дүниежүзілік эко­но­мика түзелмей, дүниежүзілік саяси әл-ахуал бірқалыпты орнына кел­мей, экономика жақсарып кетеді деп айта алмаймыз.  width= Расул РЫСМАМБЕТОВ, экономист: Бізге керегі – адамдарды жұмыспен қамту – Қазақстан экономикасының ахуа­лы бірнеше жылдан бері күр­де­лі жағдайда екені белгілі, ал панде­мия бұл жағдайды одан ары ушық­тыра түсті. Коронавируспен қатар кел­ген дағдарыс ШОБ-ке көп зала­лын тигізді. Біріншіден, оларға са­лынатын салық мөлшері азай­ға­ны­мен 2020 жылдың ортасында атал­ған сектордың көпшілігі жұ­мы­сы­нан айырылып, бизнесін жапты. Екін­шіден, банктегі проблемалық қарыздардың көлемі артты. Өз тұты­нушыларына беріп жатқан пайыз­дық төлемақыларға жеңіл­діктер аяқталған кезде ғана банктер жағдайдың тым нашар екенін кеш түсінетін болады. Үшіншіден, ел эко­номикасын қалыпқа келтіру үшін мемлекетке қомақты қаражат керек. Коронавирустан келген залал­дың қандай болғанын біз эконо­ми­камыздың тамырына қан жүгір­ген­де ғана біле аламыз. Әзірге біз көп­теген елдің карантин режиміне қай­­та оралғанын көріп отырмыз, бұл дегеніміз біздің елде  әлі де қ­а­таң­­датылған карантин шаралары ен­гізілу ықтималдығы жоғары деген сөз.  Биыл ел экономикасын қалып­қа келтіру мақсатында Ұлттық қор­дан 3,7 трлн теңге қаржы бөлі­не­ді. Осы орайда ұлттық валюта­мыз­дың курсын болжау да қиын бо­лып тұрғанын айта кетуіміз ке­рек. Біздің экономикамыз доллар, евро сынды тұрақты валюталарға тәуелді. Өйткені азық-түлік, құрал-жабдықтар, қосалқы бөлшектерге дейін долларға, евроға, рубльге және юаньға сатып аламыз. АҚШ-тағы тосын жағдай да дол­лардың бағамын теңселтіп жіберді, алай­да доллар инвесторларға ар­нал­ған өзінің нарықтағы тартым­ды­лығын бірінші тоқсанның соңы­на қарай қалыпқа келтіруі керек. Сон­да ғана АҚШ-тағы саяси жағ­дай­дың Қазақстанға салқыны ти­мей­ді. Қазір бізге керегі – адамдарды жұмыспен және азық-түлікпен қам­та­масыз ету. Бірнеше жылдан бері дағдарыстан көз ашпай келе жатқан ауыл шаруашылығы, логистикалық инфрақұрылым және жүздеген ауыл шаруашылық кәсіпорындарын тығырықтан алып шығу үшін Үкіметтің 1-1,5 ай ғана уақыты бар.  «ҚазАгро» және «Бәйтерек» холдинг­терін біріктіріп жатқанда ауыл шаруашылығы қаржыландырудан қағылуы мүмкін. Сондықтан біздің экономикамыздағы жаңа инвести­цияны қажет ететін проблемалық ак­тивтерді сауықтырудың жос­па­рын әзірлеу керек. Үкіметтің алдындағы басты мін­дет – шетелдік инвесторлардың кө­мегіне барынша аз жүгіне оты­рып, өз күшімен экономиканы тұ­рақ­тандыру. Өйткені өндірістік күш­тер шетелдік инвесторларға са­тыл­май, отандық инвесторлардың ба­қылауында қалуы тиіс. Қазіргі дағ­дарыс кезеңінде өзіміздің кә­сіпорындарды шетел кәсіпорын­дар­ға арзан бағаға сату қызықты ұсы­ныс болып көрінуі мүмкін. Деген­мен бұл стратегиялық қателік бол­мақ, өйткені біздің активтеріміздің құны 2022 жылы-ақ қалыпқа келе бастайды.  Ал 2021 жылы ең бас­ты­сы – дағдарысқа төтеп беру және әлеу­меттік шиеленіске жол бермеу.

Серіктес жаңалықтары