50290
Әсел Робертс АҚШ президенті протоколының басшысы міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды
Әсел Робертс АҚШ президенті протоколының басшысы міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды
Қазақстан тумасы Әсел Робертс АҚШ президенті протоколының басшысы міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайты.
«Әсел Робертс 2021 жылғы 20 қаңтардан бастап АҚШ президенті протоколының басшысы міндетін атқарушы қызметіне кірісті. Протокол басшысы кеңсесінде 15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ол соңғы уақытта аға кеңесші қызметін атқарып жүрді. Робертс ханым Джорджтаун университеті дипломатиялық қызмет мектебінің халықаралық құқық және ұйымдар саласы бойынша бакалавират бөлімін бітірген. Орыс, қазақ және жапон тілдерін меңгерген» – делінген хабарламада.
Әсел Төленова 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Джорджтаун университетінің дипломатиялық қатынастар факультетіне оқуға түскен. Кейіннен Ақ үйге жұмысқа тұрып, онда президент протоколы департаментінде қызмет еткен. Аталған департаментте он бес жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан ол 2014 жылы департамент басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған.