Тарихи мешітке Ислам Кәрімовтің есімі берілді

Тарихи мешітке Ислам Кәрімовтің есімі берілді

Тарихи мешітке Ислам Кәрімовтің есімі берілді
ашық дереккөзі
252
Ташкентте "Жорабек" тарихи мешітін бұзып тастап, оның орнына "алюкобондтан" Ислам Кәрімов атындағы мешіт тұрғызды.
Ташкенттік генерал Жорабек 1897 жылы салдырып, кейін тарихи ескерткіштер тізіміне енгізілген мешітке Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің есімі берілгенін оның кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева хабарлады. Ол ЮНЕСКО-ның Өзбекстандағы тұрақты өкілі болып істейді. Кәрімова-Тилляеваның хабарлауынша, мешітті қалпына келтіру жұмыстарын күйеуі Тимур Тилляевпен бірге қаржыландырған. Әлеуметтік желіде жариялаған жазбада Лола сол кезде бұл мешітке әкесінің аты берілетінін сезбегенін айтты. "Үлем ұсынысымен және көпшіліктің қолдауымен, мешітті Өзбекстанның бірінші президенті, менің әкем Ислам Кәрімовтің құрметіне "Ислом ота" деп атады", - деп жазды Лола Кәрімова-Тилляева. Еске салайық, Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімов биыл 2 қыркүйекте инсульттен қайтыс болды. Ол 78 жаста еді. Кәрімовті 3 қыркүйекте оның туған жері Самарқанда жерледі.

Серіктес жаңалықтары