723
Қырғызстан туристер баруға "міндетті" 12 елдің қатарына енді
Қырғызстан туристер баруға "міндетті" 12 елдің қатарына енді
Британдық The Independent газеті Қырғызстанды әрбір саяхатшы баруға тиісті 12 елдің қатарына енгізді. Бұл рейтингті әйгілі саяхатшы Гуннар Гарфорс жасаған. 40 жастағы азамат әлемнің шамамен барлық елдерінде болған.
Гарфорс ең қатты ұнаған елді атауға қиналады, бірақ ол әрбір саяхаттаушы баруға тиісті 12 елдің атын атай алады.
Саяхаттаушының пікірінше, Қырғызстанның табиғаты сұлу, халқы - қонақжай, ал базарларынан барлық нәрсені табуға болады. Гарфорс саяхатшыларға бұл елге стақан алып баруға кеңес береді, өйткені "Қырғызстан арағы өте күшті".
Еске салайық, 2015 жылы тағы бір британдық The Telegraph газеті Қырғызстанды саяхатшылар баруға тиісті 12 елдің қатарына қосқан еді.