50255
«UFC – оның деңгейі емес». Жалғас Жұмағұлов тағы да жеңіліп қалды (видео)
«UFC – оның деңгейі емес». Жалғас Жұмағұлов тағы да жеңіліп қалды (видео)
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-4) Абу-Даби (БАӘ) қаласында ұйымдастырылған UFC 257 турнирінде швециялық спортшы Амир Альбазиден (13-1) жеңіліп қалды.
Үш раундқа созылған жекпе-жек Альбазидің пайдасына шешілді, алайда Жалғас жеңімпаз ретінде қарсыласының қолын көтерген сәтте төрешілер шешімімен келіспейтінін айтып, таңғалысын жасырмады.
Осылайша, Амир Альбази әлем бойынша үздік саналатын UFC лигасы аясында өткен екінші кездесуінде жеңіске жетті. Ал отандасымыз Жалғас Жұмағұлов керісінше аталған лига шеңберінде ұйымдастырылған екінші кездесуінде тағы жеңіліп қалды.
Естеріңізге сала кетейік, ол былтыр маусым айында өткен UFC-дегі дебюттік кездесуінде бразилиялық Раулиан Пайвеге есе жіберіп алған болатын.
Жалғасты аталған кездесуге әзірлеген Arlan MMA Pro Team командасының өкілдері топтың әлеуметтік желідегі парақшасына «Екінші кездесу. Екінші жеңіліс. Бұл – ауыр нокдаун. Бірақ болған жағдайға қарамастан, біз берілмейміз. Тіпті де олай ойламаңыздар!» деп жазды.
Ал қазақстандықтар аталған посттың астына Жалғастың айтулы жекпе-жекке дұрыс дайындалмағанын айтып, «UFC – оның деңгейі емес», «Жеңілгені рас. Сынды қабылдай білу керек», «UFC-ге әлі ерте!», «Күресуді үйрену керек» деп пікір қалдыруда.
https://www.youtube.com/watch?v=Lpg7t0LvhQU&feature=emb_logo