Қарақия ойпатындағы қоқыс үйіндісі жойылды

Қарақия ойпатындағы қоқыс үйіндісі жойылды

Қарақия ойпатындағы қоқыс үйіндісі жойылды
ашық дереккөзі
585
Қарақия-Қаракөл қорығының аумағында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады облыстың экология департаменті. Мұнайлы аудандық ТКШ бөлімінің қызметкерлері Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғи қаумалының мамандарымен бірлесіп сенбілік өткізді.
- Ерекше қорғалатын аумақтарға тұрмыстық қалдықтарды тастауға, аң аулауға тыйым салынады. Еліміздің экология заңнамасын бұзғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп атап өтті облыстық Экология департаменті.
Еске сала кетейік, қоқысқа толған Қарақия ойпатының бейнежазбасы әлеуметтік желілерде таралған еді. Жағдайға "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес мекемесінің (ҰПУ) басшысы Кирилл Осин түсініктеме берді. Кейін Мұнайлы аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Кенжеғали Бисенғали табиғи қорықты тазалауға 2021 жылға дейін қаражат қарастырылмағанын айтты. Ал биыл 70 миллион теңге бөлінген.

Серіктес жаңалықтары