Шетелдегі қандастарға қазақ тілін үйрету жобасы талқыланды

Шетелдегі қандастарға қазақ тілін үйрету жобасы талқыланды

Шетелдегі қандастарға қазақ тілін үйрету жобасы талқыланды
ашық дереккөзі
268
«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы арасында кездесу өтті. Жобаның басты мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтардың білім алуына және тілін сақтап қалуына жағдай жасау, қазақ тілінің таралу аймағын кеңейту, шет елдердегі қазақтар арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Шеттегі қандастарымызға қазақ тілін оқытатын ортақ әдістемелік арқылы 3 бағытта («Абай институты» порталы, «Онлайн» форматтағы курстар, «Офлайн» форматтағы курстар) бірдей оқытылады. Аталған тіл оқыту бағыттарға әдістемелік қолдау көрсетіп, бағдарламалар дайындауға атсалысқан – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ғылыми-практикалық орталығы. Айта кету керек, курс соңында барлық бағыттың нәтижесі «Қазтест» жүйесі арқылы анықталып, қатысушыларға тіл білу деңгейіне қарай сертификат тапсырылады. 11-18 жас аралығындағы қатысушылардың сертификаттары «Отандастар қоры» КЕАҚ пен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ ұйымдастыратын балалар лагеріне тегін қатысуға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары