Елбасы Ақмола облысына барды

Елбасы Ақмола облысына барды

Елбасы Ақмола облысына барды
ашық дереккөзі
188
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Сапар аясында Елбасы Шортанды ауданының ауыл шаруашылығы алқабында болып, онда «Жәкен-1» ЖШС механизаторларымен кездесті және жиын-терін науқанының барысымен танысты. Қазақстан Президентіне кәсіпорынның негізгі жұмыс бағыттары мен өңірдегі аграрлық секторды қолдау шаралары туралы баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев өңірде өсетін ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады, онда жергілікті жағдайға бейімделген бидайдың жаңа түрі таныстырылды. Мемлекет басшысы жиналғандарға арнаған сөзінде республиканың агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы университеттері базасында ғылыми-зерттеу институттарын құру қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті, олар астық жинау барысы, мал шаруашылығы саласының даму қарқыны туралы айтып берді. Әңгімелесу кезінде астық жинау науқанын табысты өткізу облыс шаруаларының алдында тұрған ең алдыңғы кезектегі міндеттің бірі болып саналатыны атап өтілді. Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға және Өзбекстанға таяудағы сапарлары аясында Қазақстан астығын, майлы дақылдар мен ет өнімін экспорттауға қатысты бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізілгеніне айрықша назар аударды. Мемлекет басшысына шаруалар елдің ауыл шаруашылығы саласына ұдайы көңіл бөліп, қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғыс айтты.

Серіктес жаңалықтары