298
Қазақстан Қарулы Күштерінде қауырт тексеру кезеңі басталды
Қазақстан Қарулы Күштерінде қауырт тексеру кезеңі басталды
Қарулы Күштердің Бас штабы Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы әскерлердің жауынгерлік әзірлігін тексерді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Қарулы Күштерінде қауырт тексеру кезеңі басталды. Талдықорған гарнизонының жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшелерінің дабылы бірінші болып көтерілді. Қазақстан ҚК Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әзірлігін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов тексерді.
Ел Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосына жүктеген міндеттерінде жауынгерлік тәжірибені ұдайы арттыру қажеттілігі дамытудың басым бағыттарының бірі.
Әскерлердің жауынгерлік әзірлігін қауырт тексерулер айқын көрсете алады. Әскери бөлімдерді жоғары жауынгерлік даярлықтың деңгейіне келтіру қабілетін көрсету жауынгерлік оқу-жаттығу міндетті орындау кезінде штабтар мен бөлімшелердің үйлесімділігінен көрінеді. Әскер сыртқы қауіптерді тойтаруға ғана емес, сонымен бірге жаңа түрдегі соғыстарды жүргізуге де дайын болуы керек.
Дабыл бойынша көтерілген Құрлық әскерлерінің барлау және байланыс бөлімдері қалған әскерлердің бөлімшелеріне қатысты жоғары әзірлікте болуға тиіс.
– Қорғаныс министрінің әскери қызметшілерді полигондарда іс-қимыл жасауға үйрету талабын орындай отырып, бөлімшелер әскери-көлік авиациясын қоса алғанда, әртүрлі тәсілдермен жауынгерлік оқу-жаттығу міндеттерін орындау аудандарына жіберілді.
«Бір барлау полкін тексеру алғаш рет Қазақстан Республикасының әртүрлі географиялық және климаттық аймақтарындағы бес полигонда ұйымдастырылды», – деп ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов атап өтті.
Жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларымен өзара байланысты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының барлау бөлімшелері, танк және артиллериялық бөлімшелері дабылмен көтерілген соң, «Мәтібұлақ» полигонына марш жасап, белгіленген аудандарды қорғанысына алды. Қазіргі қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, әскерлердің өміршеңдігін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Әскерлер мен басқару пункттерін бүркемелеу жүргізілді, жалған тірек пункттері мен позициялар макеттер мен басқа да қолда бар құралдарды пайдалана отырып жабдықталды.
«Мәтібұлақ» полигонында ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептобы әуе барлауын жүргізді. Ол жасырынған нысандардың 80 пайыздан астамының деректерін анықтап, нақты және жалған позицияларды анықтады. Сондай-ақ артиллерияның атысын реттеуге байланысты тапсырмаларды орындады.
Авиабазаның ұшу құрамы барлау полкінің көздеушілері нысана көрсеткіштерін жерден іс жүзінде бағыттай отырып, «Қызылағаш» әуе полигонында жауынгерлік ұшуларды жасады.
«Спасск», «Сарыөзек» және «Жетісу» оқу полигондарында барлаушылар нысандарға барлау жүргізді. Әскери топография, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, байланыс, нұқсан келтіру ісі, дене шынықтыру және әскери-медициналық дайындық бойынша нормативтерді тапсырды. Авиациялық полигонда олар іс жүзінде майдандық авиацияны нысанаға алып, түнгі шабуылға шықты және шартты жаудың нысандарына шабуыл жасады. Барлық полигондарда штаттық қарудан бақылау атыс жаттығуларын орындады.
Белгіленген аудандарда байланысшылар қысқа мерзімде байланыс тораптарын орналастырды, бұл әртүрлі бағыттарда жұмыс істейтін әскерлерді басқаруды қамтамасыз етті. Бұл өткізілген радио және пысықталған нормативтердің нәтижелерімен расталды.
Полктің штабы тұрақты орналасу пунктінен үлкен қашықтықта жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындайтын бөлімшелерді жоспарлау мен басқаруды орындады.
Тексеру қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаларға жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі, әскерлердің биылғы жылы өтетін ірі ауқымды оқу-жаттығуларға сапалы дайындығы мәселелерін жетілдіру бойынша нақты міндеттер қойылды.