533
Тұман, жел, көктайғақ: 1 ақпанға арналған ауа райы
Тұман, жел, көктайғақ: 1 ақпанға арналған ауа райы
«Қазгидромет» мамандары 1 ақпан күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады.
Фронттардың әсерінен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жауын-шашын жауады, жел күшейіп, көктайғақ болады. Республиканың қалған аймақтарына әлі де антициклон ықпал етеді, сондықтан көбіне жауын-шашын жаумайды, күн ашық. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші - 15-20 м/с. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны 23 м/с дейін күшейеді. Күндіз боран соғады. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 28 м/с жетеді.