380-нен астам қазақстандық шетелде тегін ем алды

380-нен астам қазақстандық шетелде тегін ем алды

380-нен астам қазақстандық шетелде тегін ем алды
ашық дереккөзі
395
2011 жылдан бері Қазақстанның 385 азаматы мемлекет есебінен шет елдерде емделген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі жариялады. Қазақстандықтарды тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан азаматтарды шет елдерге емделу үшін жіберу және ҚР азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шет елдерге емделуге  жіберудің ережелерін бекіту мәселелері жөніндегі жұмыс органы құрылған болатын. Қолданыстағы ережелерге сәйкес, Қазақстан азаматтарының бірқатар санаттарын шет елдерде емдеу қарастырылады. «2011 жылы шетелге қазақстандық 78 науқас (17 ересек, 61 бала),  2012 жылы - 64 (17 ересек, 47 бала), 2013 жылы  - 64 (18 ересек, 46 бала), 2014 жылы - 70 (45 ересек, 25 бала),  2015 году - 57 (30 ересек, 27 бала) ем қабылдау үшін жіберілді. Ағымдағы жылы өңірлерден науқастарды шет елдерде емдеуге қатысты 176 ұсыным жасалды. Осыған байланысты Қазақстан азаматтарын шетелдік медициналық мекемелерге жолдау жөніндегі комиссияның 11 отырысы өтіп, 52 пациентті жіберу мақұлданған. 12 пациентті емдеу Қазақстандағы шеберлік-сыныптары аясында жүргізіледі, ал 80 науқасқа ем-дом Қазақстанның медициналық ұйымдарында жасалмақ. Қалған ұсыным-хаттар қаралу үстінде», - делінген баспасөз баянында. Айта кетерлігі, соңғы жылдары қазақстандықтарға жаңа әрі қымбат медициналық технологиялар шет елдерде ғана емес еліміздің ішінде де қолжетімді бола бастады. Мәселен, 2010 жылы республикамызда диагностика мен емдеудің 40 жаңа технологиясы енгізілген.  2015 жылы бұлардың саны 120-дан асты.  

Серіктес жаңалықтары