366
Қырғыз: Жоғарғы Кеңес мүшелері бекітілді
Қырғыз: Жоғарғы Кеңес мүшелері бекітілді
Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңесі Ұлықбек Мариповты Үкімет басшысы қызметіне бекітті.
Депутаттар жаңа Үкіметтің құрамын, құрылымын және бағдарламасын бекітті. Марипов Үкімет құрылымы қайта жасалып, бұрынғыға қарағанда мобильді және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге қабілетті болғанын атап өтті. Ол 3 вице-премьер-министрдің қызметі қысқартылып, бірқатар министрлік пен ведомстволар біріктірілгенін айтты.
Улукбек Марипов мемлекеттік қызметтер, агенттіктер мен қорлар келесі кезеңде құрылатынын ескертті.
Жаңа үкімет жобасы төмендегідей:
- премьер-министр – Улукбек Марипов;
- бірінші вице-премьер-министр – Артем Новиков;
- экономика және қаржы министрі – вице-премьер-министр – Улукбек Карымшаков;
- үкімет аппаратының жетекшісі – министр – Жениш Асанкулов;
- қорғаныс министрі (президентпен келісе отырып) – Таалайбек Омуралиев;
- сыртқы істер министрі – Руслан Казакбаев;
- әділет министрі – Асель Чынбаева;
- денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі – Алымкадыр Бейшеналиев;
- білім және ғылым министрі – Алмазбек Бейшеналиев;
- мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі – Кайрат Иманалиев;
- төтенше жағдайлар министрі – Бообек Ажиев;
- ішкі істер министрі – Улан Ниязалиев;
- көлік, архитектура, құрылыс және коммуникация министрі – Гулмира Абдралиева;
- энергетика және өнеркәсіп министрі – Кубанычбек Турдубаев;
- ауыл, су шаруашылығы және өңірлерді дамыту министрі – Аскарбек Джаныбеков;
- Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитет төрағасы (президентпен келісе отырып) – Камчыбек Ташиев.