Қарағандыда судья пара алу кезінде ұсталды

Қарағандыда судья пара алу кезінде ұсталды

Қарағандыда судья пара алу кезінде ұсталды
ашық дереккөзі
50272
Қарағандыда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды e-karaganda.kz «Кейбір БАҚ-тарда, әлеуметтік желілерде және интернет-мессенджерлерде пайда болған мәліметтерге қатысты келесідегідей ақпаратты хабарлаймыз: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, Қарағанды облысының МАЭС судьясын пара алып жатқан жерінен ұстады», деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің өкілдері ұсталған судьяға қатысты өзге деректер тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары