Үзбен Құрманбайұлының жаңа кітабы жарық көрді

Үзбен Құрманбайұлының жаңа кітабы жарық көрді

Үзбен Құрманбайұлының жаңа кітабы жарық көрді
ашық дереккөзі
641
 Ұлттық академиялық кітапханада «Отандастар қоры» КеАҚ және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ұйымдастыруымен Үзбен Құрманбайұлының  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған «Мейірімді қоғам, мемлекеттің қажеттілігі және пайдасы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Шараға «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы аппаратының қеңесшісі Қарлығаш Қожамұрат, профессор, ҰҒА академигі Ғарифолла Есім, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жасан Зекейұлы, жазушы Жәди Шәкенұлы, Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Үмітхан Мұналбаева, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен зиялы қауым қатысды. Іс-шара барысында сөз алған «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Қанапияұлы «Автордың «Мейірімді қоғам, мемлекеттің қажеттілігі, және пайдасы» атты еңбегі Қазақ елі үшін ізгіліктің жолын ашудың мүмкіндіктерін  туғызады. Елбасының ата заңға енгізген «азаматтық қоғам» құрудың алғы шарттарын орындап, оған жету жолдарын анықтайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықшыл болуға, халық пен мемлекетті әрдайым бірге болуға, тәуелсіздігімізді қорғап сақтауға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға байланысты көптеген ұсыныстарын жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын ұсынады», - деді. Жиынға қатысушылар жазушы, қоғам қайраткері Үзбен Құрманбайұлының шығармашылығына табыс тілеп, ыстық ықыластарын жеткізді. Әдеби кештің тізгінін ұстаған Ғарифолла Есім: «Мейірімді қоғам құрып, мейірімділік заңдылғына бағыну арқылы ғана бүгінгі қиындықтың бәрінен шығамыз. Егер осылай жасай алмасақ бәрі бекер, алға қарыштап дамудың өзге жолы жоқ екені де түсінікті. Мен мұны бұрыннан айтып келгенмін. Ал бүгін Үзбен Құрманбайұлы тайға таңба басқандай етіп айқындапты. Енді бізге не керек, дәл осы көтерілген мәселені ұлттық идология етуіміз керек», - деген орамды ойын ортаға салды.

Серіктес жаңалықтары