FISU президенті қысқы универсиаданың сәтті өтетініне сенімді

FISU президенті қысқы универсиаданың сәтті өтетініне сенімді

FISU президенті қысқы универсиаданың сәтті өтетініне сенімді
ашық дереккөзі
405
Бүгін оңтүстік астанамызда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысушы мемлекеттер делегациялары басшылары кездесуінде Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) президенті Олег Матыцин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. «Алматының келесі жылы өтетін дүниежүзілік спорт додасын қабылдауға жоғары деңгейдегі әзірлігі үшін және осы жобаны қадағалап, жүзеге асуына жеке өзі қатысқаны үшін Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, шын жүректен Қазақстан халқын құттықтағым келеді», - деді Олег Матыцин. Сонымен қатар, FISU жетекшісі өз баяндамасында Алматы қаласы әкіміне алғысын білдірді.  «Алматы ауыр міндетті кәсіби тұрғыда, өз деңгейінде еңсере алды. Қала қысқы универсиаданы өткізуге толығымен дайын», - деді ол. Айта кетейік, Бүгін Алматыға Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) президенті Олег Матыцин бастаған делегация мен АҚШ, Ресей, ҚХР, Жапония, Ұлыбритания Германия, Италия, Франция, Канада, Корея Республикасы, Швеция, Польша және тағы басқа, жалпы 28 елдің студенттер спорты федерациясының басшылары келді.Сапардың басты мақсаты  28-ші дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындықпен танысу. Қысқы универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді.

Серіктес жаңалықтары